Қазіргі балалар ақпараттық технологияларды белсенді қолданады. Бүгінде олар телевизиялық, мультимедиялық бағдарламалар мен гаджеттердің көмегі арқылы сөйлеп, жазып, оқып, кішкентайынан тілдер үйренуде. Жаңа IT-технологиялар ата-аналарға балалардың тәрбиесі мен жетілуіне жәрдем етеді. Телебағдарламалар арасында теледидардың білім беру атқарымы ерекше орын алады. Әсіресе карантин кезінде танымалдығы жағынан маңызды орынға шықты. 2020 жылдың наурыз айынан бастап індетке байланысты қазақстандық оқушылар төртінші тоқсанды қашықтан оқу арқылы аяқтауға мәжбүр болды. Осындай күрделі жағдайда балалар, ата-аналар мен мұғалімдерге «Балапан» және «Ел арна»отандық телеарналардағы видеосабақтар көмекке келді.
1-11 сынып оқушылары үшін жаңа оқу жылы, әр жұмыс күні таңғы тоғыздан теледидарлық сабақтардан басталды. Видеосабақтарды елдің үздік ұстаздары қазақ және орыс тілдерінде, оқытудың әдістемелікоқу жоспары және мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты бойынша құрылған бағдарламалармен сәйкес жүргізеді. Оқытушы 10 минут аралығында сабақ тақырыбының негізгітұстарын оқытудың белсенді әдістерін қолдана, оңай да түсініктітүрде баяндайды. Видеосабақтар «Балапан» және «Ел арна» телеарналарының эфирінде, сонымен қатар, ғаламторда таратылып, барлық қазақстандық оқушыларға қолжетімдіболуда.
Тағы да айта кететін жәйт, видеосабақтар мектеп оқушыларына «GALAMTV» интернет телевизия қосымшасында және www.galamtv.kz порталында қолжетімді. «GALAMTV»интернет қызметі «Балапан» және «Ел арна» телеарналарымен қоса, 24 отандық телеарнамен 10 радиоарнаны қамтиды. «GALAMTV» қосымшасын App Store және PlayMarket арқылы кез келген ұялы байланыс құрылғысына жүктеуге болады. Қолданушылар қосымшаны жүктеп, оған тіркелу керек. Бұл қосымшаны тегін түрде қолдануға болады.
Ескере кетсек, қазіргі балалар ақпараттық технологиялар арқылы жаңа мәліметті тезірек және анағұрлым жақсы қабылдайды. Теледидарлық сабақтар оқушыларға онлайн түрде оқу бағдарламасын игеріп, жаңа білім, қабілет және дағды алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қашықтан оқыту оқушыларда өзіндік іздену мен ақпаратты сараптау дағдысын дамытуға септігін тигізеді.
Білім министрлігінің «Телемектеп» жобасының арқасында, оқушылардың карантин уақытында тоқтаусыз білім алуы қамтамасыз етілді. Теле бағдарламалардың жерсеріктік желідекеңейтілуінің арқасында, қазақстандық телекөрермендер арналардыҚР-ның барлық аумақтарында қабылдау мүмкіндігіне ие болды.
Осылайша, қашықтан оқыту барлық қазақстандық оқушыларға қолжетімді болды. Жас көрермендер және олардың ата-аналары ақпараттың нақты және қызықты ұсынылуын, мәліметтің әр оқушығаоңай түрде берілуін, және де жалпы түрде қашықтан оқытудың оң жақтарын атап айтуда.
Бұдан бөлек, цифрлық телевизияға өтудің арқасында, балалар видеосабақтарды «Балапан» және «Ел арна» телеарналарынкедергісіз, дыбыс пен бейненің жоғарғы сапасында көре алады. Сонымен қатар, цифрлық телевизия толықтай тегін түрде беріліп, ешқандай абоненттік төлемді қажет етпейтінін айта кеткен жөн.
Телерадио хабар тарату саласындағы ұлттық оператор «Казтелерадио» АҚ халыққа көрсетілетін қызмет сапасының жоғары заманауи стандарттарға сәйкес берілуіі үшін бар күшін салады.