Үстіміздегі жылдың 19 қарашасында жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды жүгізу барысында «OTAU TV» жерсеріктік телехабар тарату желісінде телеарналардың нөмірленуіне өзгерістер енгізілетін болады.
«OTAU TV» жерсеріктік телехабар тарату желісінде телеарналардың нөмірленуі
Арналардың нөмірленуін дұрыс көрсету, сондай-ақ, сигналдарды сапалы қабылдау үшін цифрлық жабдықты немесе теледидарды автоматты түрде күйге келтіру қажет. Отандық нарықта ресиверлердің түрлерінің көп екендігін ескере отырып, «Қазтелерадио» АҚ ресивердің параметрлерін орнына келтіру туралы және ресиверлердің кең таралған үлгілеріне арналған арналарды іздеу жөніндегі қысқаша нұсқаулық дайындады.
Үлгі МТ 330 МТ Н700 МТ 505 МТ 505А «Mitio»
Үлгі HS8871R HS3300 «Skyworth»
Үлгі SRT7520 SRT7521 «Strong»
«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, өйткені тоқсандық жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіре тұруға мүмкіндік береді, үзілістер кезінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың жаңа тізбесінің бекітілуіне байланысты цифрлық эфирлік телехабар тарату желісінде 1-ші және 2-ші мультиплекс арқылы ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ тарататын қолжетімді телеарналардың тізіміне өзгерістер енгізілген болатын.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
call-center: 193, 7193, +7(727) 2 581 500.
e-mail: abonent@otautv.kz