193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

Байланыс және хабар тарату арналарының сапасы нашарлауы мүмкін

Опубликовано: 12.09.2019

Ағымдағы жылы қазан айының 8-і мен 15-і аралығында жерсеріктік байланыс және хабар тарату арналарының сапасы нашарлауы ықтимал. Ғарыш байланысының республикалық орталығы хабарлағандай, аталған кезеңде күзгі күн интерференциясы күтіледі. Бұл кезде Күн, байланыс жерсерігі мен жербетіндегі ретрансляциялау қабылдағыш антеннасы бір сызыққа тізілетін құбылыс. Радиосигналдың қуатты көзі болып табылатын Күн, байланыс жерсерігінің ар жағында тұрғандықтан, жер бетіндегі хабар таратушы теле- және радиосигналға кедергі келтіреді.