193 (қалалық телефондардан тегін) 8 727 258 15 00
kz ru

ENERGY FM радиосы енді Семей қаласында хабар таратады

Опубликовано: 23.10.2020

ENERGY FM радиостанциясын енді Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары тыңдайтын болды. "Қазтелерадио" АҚ 9 қазанда Семей қаласындағы радиотелевизиялық станцияда радиохабар тарататын қондырғыны қосу жұмыстарын жүргізген болатын. Жаңа таратқыштың қуаты 1000Вт, осылайша ENERGY FM радиосының сигналын Семей қаласы ғана емес, жақын маңдағы елді мекен тұрғындары да қабылдай алады.